«Рахмонов оны тас-талқан етеді»: АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе-жекке болжам жасады

14:08, 7 қазан 2026
MKZ: 1571023

© Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94

Америкалық спорт блогері әрі сарапшы Мэтью Джордо UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің үшінші сатысындағы эквадорлық Майкл Моралес арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz басылымының жазуынша, сарапшы қазақстандық спортшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп санайды.

"Шавкат Рахмонов Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасап жүр. Мен қазір сіздерге тура айтайын: Шавкат бұл жігітті жай ғана тас-талқан етеді. Менің ойымша, Майкл Моралес UFC-дегі ең асыра бағаланған файтерлердің біріне айналды. Мұны оны кезінде қатты мақтаған адам айтып отыр. Бірақ Майкл Моралеске қатысты мәселе – оның техникалық шеберлігінен мен күткендей жеткілікті прогресті көрмедім. Майкл Моралес Ислам Махачевті, Иэн Гэрриді, Карлос Пратесті немесе Шавкат Рахмоновты қалай жеңетінін елестете алмаймын. Қазір ол жартылай орта салмақта шамамен 4-5-орынның арасында қалып қойған сияқты. Қанша жерден ақылға сыймайтындай көрінсе де, Майкл Моралес Камару Усманды да жеңетініне сенімді емеспін. Сондықтан, Майкл Моралес, досым, абай бол, өйткені "Бугимен" қайта оралды. Ал "Бугимен" – Шавкат Рахмонов. Ол октагонға оралғанда әлемдегі ең үздік жартылай орта салмақтағы файтер екенін дәлелдейді", – деді америкалық спортшы Instagram парақшасында.

Бұған дейін Роналдудың Португалия құрамасымен болған жанжалға нүкте қойғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!