Сауд Арабиясындағы әлемдегі ең биік стадион құрылысын тоқтатты
© Сурет: NEOM
Сауд Арабиясында 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдауы тиіс болған, бірақ The Line "Айнадай қала" стадионының құрылысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science басылымының дерегінше, Сауд Арабиясы болашақтың ерекше спорт аренасын салу жобасынан іс жүзінде бас тартқан.
Стадион Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсынған 15 аренаның қатарына кірген. Сыйымдылығы 46 мың көрерменге арналған нысан елдің өтінімінде "әлемдегі ең бірегей стадион" деп аталған. Бастапқы жоспар бойынша арена жерден шамамен 350 метр биіктікте орналасуы керек болған.
Стадионды Neom ауқымды жобасының құрамындағы ұзындығы 170 шақырым болатын "Айнадай қала" (The Line) мегажобасы аясында салу жоспарланған.
Қазір "Айнадай қала" жобасының өзі де айтарлықтай қайта қаралып жатыр. Оны бастапқы жоспарланған ауқымда салу мәселесі күмән тудырды.
Әзірге "Айнадай қала" стадионының орнына басқа арена салынатыны немесе 2034 жылғы әлем чемпионаты басқа стадиондарда өтетіні белгісіз.
Бұған дейін Қытайдың жаңа аса терең ұңғыманы бұрғылағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:32, 7 қазан 2026
Обаға қарсы институт қызметкерінің өлімі: Кремль, Роспотребнадзор, ДДҰ не дейді
-
16:22, 7 қазан 2026
Айына 10 млн теңге төленгенімен, екінің бірі істей алмайтын жұмыс: Қауіпті кәсіптің құпиясы қандай
-
13:47, 7 қазан 2026
22 жастағы сұлулық ханшайымы найзағай түсіп, қайтыс болды
-
13:02, 7 қазан 2026
Израиль Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жүргізді
-
12:46, 7 қазан 2026
Антарктидадан бүкіл әлемге қауіп төндіретін «жасырын бомба» табылды





