22 жастағы сұлулық ханшайымы найзағай түсіп, қайтыс болды

13:47, 7 қазан 2026
MKZ: 1571018

© Сурет: Instagram/sindicatoruraldealmas

Бразилиялық 22 жастағы сұлулық ханшайымы Ана Беатрис Араужу Феррейра жиенінің шашын тарап отырған кезде бақшада найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, найзағай соққан қыз ауруханада көз жұмған.

Оқиға Бразилияның Токантинс штатындағы Алмас қаласында анасының үйінің артқы ауласындағы бақшада болған. Оның әпкесі Лана Летисияның айтуынша, бақта бірнеше ағаш және қолжуғышы бар шағын алаң болған.

Сұлулық ханшайымы бес жастағы ұлын шомылдырып, оны үйге жіберген. Осыдан кейін жиенінің шашын тарай бастаған. Сол сәтте оған найзағай түскен.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға бір сәтте болған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!