Обаға қарсы институт қызметкерінің өлімі: Кремль, Роспотребнадзор, ДДҰ не дейді
© Фото: zakon.kz
Иркутск облысында обаға қарсы институты қызметкерінің қайтыс болуына байланысты қалыптасқан жағдайға қатысты Кремль, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Роспотребнадзор), сондай-ақ ДДҰ пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифинг барысында Иркутск облысындағы белгісіз этиологиядағы пневмония жағдайынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хабардар етілгенін мәлімдеді.
"БАҚ көп ақпарат таратып жатыр, ал осы жағдайға қатысты бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтердің басым бөлігі – жалған. Сондықтан "Роспотребнадзордың" ақпаратына сүйеніңіздер", – деп атап өтті Кремль өкілі.
Өз кезегінде "Роспотребнадзор" Иркутск облысында биоқауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша жүргізілген тексерістің аяқталғанын хабарлады.
"Патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде апатты жағдайлар анықталған жоқ. Патогенді микроорганизмдермен жұмыс істегенде тиісті бақылаудың сақталғаны расталды... Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде ұйымдастырылды, Иркутск қаласы мен Иркутск облысы тұрғындары үшін төніп тұрған эпидемиялық қатерлер жоқ", делінген ТАСС жариялаған "Роспотребнадзор" баспасөз қызметінің хабарламасында.
7 қазандағы жағдай бойынша байланыста болғандардың 90 пайыздан астамына қатысты жүргізілген медициналық бақылау аяқталғаны нақтыланады.
"Инфекциялық патологияға байланысты денсаулық жағдайының нашарлауы анықталған жоқ, шамамен 5 000 зертханалық зерттеудің нәтижелері ешқандай қауіпті патогенді микроорганизмдерді анықтаған жоқ", деп нақтылайды Роспотребнадзордың баспасөз қызметі.
Ресейлік ведомство өңірдегі жағдай туралы ақпаратты ДДҰ-ға жолдағанын, ал ДДҰ Иркутскідегі пневмония жағдайына байланысты ешқандай қауіп жоқ екенін растады.
"ДДҰ Иркутскідегі ауруханадан тыс пневмония жағдайларына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қауіптердің жоқтығы туралы өз ұстанымын жариялады", делінген Роспотребнадзор баспасөз қызметінің хабарламасында.
2026 жылғы 2 қазанда Шелехов қаласында Иркутскідегі обаға қарсы Сібір мен Қиыр Шығыс институтының қызметкері көз жұмғаны белгілі болды. Осыдан кейін обаның таралу мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Жексенбіде, 4 қазанда Роспотребнадзордың баспасөз қызметі Иркутск облысындағы, Иркутск пен Шелеховтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және оба ауруының жағдайлары анықталмағанын мәлімдеді. 28 жастағы әйелдің өліміне анықталмаған этиологиядағы пневмония түрткі екені көрсетілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 7 қазан 2026
Айына 10 млн теңге төленгенімен, екінің бірі істей алмайтын жұмыс: Қауіпті кәсіптің құпиясы қандай
-
13:51, 7 қазан 2026
Сауд Арабиясындағы әлемдегі ең биік стадион құрылысын тоқтатты
-
13:47, 7 қазан 2026
22 жастағы сұлулық ханшайымы найзағай түсіп, қайтыс болды
-
13:02, 7 қазан 2026
Израиль Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жүргізді
-
12:46, 7 қазан 2026
Антарктидадан бүкіл әлемге қауіп төндіретін «жасырын бомба» табылды





