Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген

22:59, 2 сәуір 2025

© Фото: zakon.kz

Алматы облысында бизнес серіктесі ер адамды өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанып кеткен көлік пен ішіндегі мәйіт Қарасай ауданындағы демалыс орнының маңынан табылды. Оқиға орнында қазір отқа оранған көліктің бөлшектері ғана қалған. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, көп ұзамай 43 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Мәліметтерге қарағанда, екі ер адам ортақ кәсіптеріне байланысты жанжалдасып қалған. Яғни жүк тасымалдаумен айналысатын серіктестер табыстарын бөлісе алмаса керек. Кейін күдікті құрдасын балғамен ұрып, іле-шала көлігімен қоса өртеп жіберіпті.


"Маған полиция ертең ерте, сағат 8-де лом алуға келді. Көлік жүк салғышының ішінде жатқан дейді. Жүк салғышын ашқпан, ішінде... күйіп кеткен дейді."Алмасбек Сарменбетов, Алматы облысының тұрғыны: ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!