Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына өтті

17:45, 4 сәуір 2025

© Сурет: ktf.kz

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу жарысының топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық қыздар D тобында үш кездесуін де жеңіспен түйіндеді.Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Иран командасын 3:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Бүгін әлемдегі мықты құрамалардың бірі — Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алдымен Ясмин Дүйсембаева Силлек Муземаны 6:2, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Тамина Сәкен де Джексон Керессаның осал тұсын тапты — 6:4, 6:4.

Жұптық сында ғана Мәриям Нұржан /Дүйсембаева Музема /Керессаға жол берді — 3:6, 2:6.Марат Шәріповтің шәкірттері өз тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты.

5 сәуір күні Қазақстан Корея құрамасымен ойнайды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!