ІІМ мопедистер үшін әкімшілік жауапкершілік неліктен күшейтілетіндігін түсіндіріп берді
© Фото: Zakon.kz
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 2025 жылғы 4 сәуірде ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында неліктен мопедистер үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ертеңнен бастап мопедті тіркеусіз басқару жауапкершілігі заңмен бақыланатындығын еске салды. Оның айтуынша, мұндай көлік санының жыл сайын өсуі және мопедтердің қатысуымен болған ЖКО санының артуы, оларды құқықтық салада реттеуді қайта қарауды талап етті. Мәселен, 2024 жылдың 12 айында республика жолдарында мопедтердің қатысуымен 1 819 ЖКО тіркелді, онда 76 адам қайтыс болып, 1 945 адам жарақат алды.
"Биыл үш айдың қорытындысы бойынша мопед жүргізушілерінің қатысуымен 103 ЖКО тіркелді, 2 кәмелетке толмаған бала қаза тапты, 105 адам жарақат алды", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сұлтанбаев егер бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мопед жүргізушілері ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты жауапкершілікке тартылса, 5 сәуірден бастап мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтеретіндігін атап өтті.
Сондай-ақ мопедті жүргізу үшін А, А1 немесе В санатымен жүргізуші куәлігі қажет.
Айта кетсек, бүгінде 24 мыңға жуық астам мопед тіркеліп, 2 мыңнан астам А және А1 санатты жүргізуші куәлігі берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:38, 8 сәуір 2025
Шымкентте виртуал нөмірлерді қолдану арқылы жасалған қылмыстық схема тоқтатылды
-
19:45, 8 сәуір 2025
Алаяқтар қазақстандықтарды тағы да қомақты ақша табуға шақырып, алдап жатыр
-
19:45, 8 сәуір 2025
Қазақстандықтарға арналған жаңа қаржы бағдарламасы – фейк
-
19:11, 8 сәуір 2025
Түркістан облысында жас жігіт көршісінің алтындарын ұрлап кеткен
-
18:55, 8 сәуір 2025
Бадминтоннан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Танымал жаңалықтар
-
22:14, 7 сәуір 2025
-
20:58, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
10:35, 8 сәуір 2025
-
10:24, 8 сәуір 2025
-
09:02, 8 сәуір 2025
-
10:05, 8 сәуір 2025
-
10:15, 8 сәуір 2025
-
10:55, 8 сәуір 2025
-
12:36, 8 сәуір 2025
-
11:09, 8 сәуір 2025
-
12:25, 8 сәуір 2025
-
09:01, 8 сәуір 2025
-
13:08, 8 сәуір 2025