Қазақстандықтарды алдап келген алаяқтардың call-орталығы жойылды
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласында интернет-алаяқтардың жалған нөмірлерден қоңырау шалып, қазақстандықтарды алдап келген call-орталығы жойылды.
Киберқылмыспен күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік пен жылжымайтын мүлік ұтысын пайдаланып, азаматтарды алдаған бес адамнан тұратын топ ұсталды.
Қылмыстық әрекет жасаған күдіктілер интернет-дүкендердің бірінен 2000-нан астам қазақстандықтың жеке деректерін қамтитын клиенттік базаны сатып алған. Алаяқтар жұмыс кеңсесін қаладағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алып, жас азаматтарды жұмысқа тартып, оларды абоненттерге тізім бойынша қоңырау шалуға міндеттеген.
Әңгіме барысында қоңырау шалушы адам көлік немесе пәтер ұтып алғанын хабарлап, "сыйлықты алу үшін" салық төлеу қажет екенін айтып, 180 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша аударуды сұраған. Офиске тінту жүргізу барысында 7 ноутбук, SIP-телефон арқылы қоңырау шалуға және операторлардың дауысын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламалар, құлаққаптар мен микрофондар және Wi-Fi роутерлер тәркіленді.
Қазіргі уақытта 10 жәбірленуші анықталды, келтірілген жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері алаяқтық топтың басқа да құрбандарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Астана қаласының полиция департаменті белгісіз адамдардан "жүлде ұтқаныңыз" туралы қоңыраулар түскен жағдайда сақ болуға, ақпаратты ресми интернет-ресурстардан тексеруге және қызмет не тауардың бар екеніне көз жеткізбей ешқандай алдын ала төлем жасамауға кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 8 сәуір 2025
Алматыда сот шешімі бойынша екі қабатты таунхаус бұзылады
-
15:27, 8 сәуір 2025
Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек
-
15:16, 8 сәуір 2025
Астанада Диснейленд салынбайтын болды
-
15:04, 8 сәуір 2025
Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталды
-
14:53, 8 сәуір 2025
Алматы әкімі «Медеу» мен Орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары қашан басталатынын айтты
Танымал жаңалықтар
-
17:53, 7 сәуір 2025
-
20:58, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
20:42, 7 сәуір 2025
-
22:14, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
18:22, 7 сәуір 2025
-
18:50, 7 сәуір 2025
-
18:10, 7 сәуір 2025
-
16:52, 7 сәуір 2025
-
18:38, 7 сәуір 2025
-
17:42, 7 сәуір 2025
-
17:00, 7 сәуір 2025
-
17:24, 7 сәуір 2025
-
16:15, 7 сәуір 2025