Шымкентте үндістандық студенттің денесі табылды

13:57, 4 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Желіде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде медициналық академияда оқитын үндістандық студенттің қайтыс болғаны туралы мәлімет тарады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қалалық полиция департаменті фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Өлімнің алдын-ала себебі де белгілі - кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

"Зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері табылған жоқ. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды". Шымкент ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқандығы атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатудың жаңа ережелері әзірленгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!