Алматы облысында итті аяусыз атып өлтірді: полиция қылмыстық іс қозғады
© Фото: pxhere
Алматы облысындағы Мерей ауылында итті балалардың көзінше атып өлтіру оқиғасы жұрттың ашуын туғызды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялап мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, екі әйел арнайы адам шақырған. Кейін ол тұрғын үйлердің жанында жүрген итті атып тастаған. Оқиға кезінде балалар да болған.
Видео түсіру барысында ауыл тұрғындары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл ит ауыл адамдарына таныс болған. Көпшілік оны тамақтандырып, қарап жүрген.
Оқиғаға байланысты Zakon.kz тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінен пікір сұрады.
Полиция мәліметінше, жануарға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның қалай болғаны толық тексеріліп жатыр.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу нәтижесіне қарай заңға сәйкес шешім қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 15 мамыр 2026
16 және 17 мамырдағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
17:36, 15 мамыр 2026
«Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет» - Тоқаев
-
17:32, 15 мамыр 2026
Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
-
17:23, 15 мамыр 2026
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
-
17:18, 15 мамыр 2026
Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр - Тоқаев





