Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

19:43, 14 мамыр 2026

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!