Алматы облысында алаяқ алдап-арбау арқылы танысының 69 млн теңгесін иеленген
© Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысының бетін ашты. 51 жастағы күдікті отандасының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен оның 69 миллион теңгесін иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жұмыстары жалғасуда". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Құқық қорғау органдары өкілдері азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеді.
Бұған дейін Алматыдағы мәйітхана күзетшісі есі дұрыс емес деп танылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған. Ол мәйітханадағы адам денелерін қорлаған деп айыпталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды