Алматы мен Астанада аптап ыстықтың орнына жаңбыр мен найзағай болжанады, ал Шымкентте ауа райы қандай болады

16:24, 10 маусым 2026

© Фото: unsplash

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда аптап ыстықтың орнына жаңбыр мен найзағайлы ауа райы күтіледі. Ал Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы +36°С-қа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамында айтылды.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 11 маусым: ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +26...+28°С.
  • 12 маусым: ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +25...+27°С.
  • 13 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 11 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +25...+27°С.
  • 12 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +28...+30°С.
  • 13 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 11 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +32...+34°С.
  • 12 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +32...+34°С.
  • 13 маусым: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +34...+36°С.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанда +40°С-қа дейін аптап ыстық күтілетіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!