Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайған – спорт министрлігінің түсініктемесі
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев 2026 жылғы 10 маусымда өткен брифинг барысында шахматшы Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге төмендетілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол спортшы Бибісара Асаубаеваның ҚР Туризм және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" ұйымы арқылы бюджеттен жалақы алатынын растады.
"2024 жылға дейін оның жалақысы 1 миллион теңге болып келді. Ал 2025 жылдан бастап, өзі атап өткендей, жалақысы төмендеді. Мен мұны растаймын. Себебі, шахмат 46 басым спорт түрлерінің тізіміне енбей қалған. Біз өткен жылы 46 басым спорт түрін нақты айқындайтын жаңа заңнаманы енгіздік. Оған Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары, ұлттық спорт түрлері, Азия ойындары бағдарламасына кіретін олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері енді. Өкінішке қарай, осы қыркүйекте өтетін Азия ойындарының бағдарламасында шахмат жоқ. Осыған байланысты біз заңнама талаптарына бағына отырып, оның бұған дейін алып келген жалақысын төлей алмаймыз", - деді Серік Жарасбаев.
Бұған дейін Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, көмек сұраған видеосын жариялаған болатын. Шахматшы жыл сайын спорт министрлерімен қатынасу қиынға соғып бара жатқандығын айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:24, 10 маусым 2026
Президент арнаулы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері жөніндегі заңға қол қойды
-
19:03, 10 маусым 2026
Тоқаев Канаданың жаңа генерал-губернаторын құттықтады
-
18:56, 10 маусым 2026
Каспийде тағы да жер сілкінісі тіркелді
-
18:49, 10 маусым 2026
Шайдоров пен Асаубаеваның мәлімдемелері құзырлы органдарға берілген белгі болуы керек - спорт министрлігі
-
18:14, 10 маусым 2026
Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады





