Алматы қаласының Медеу ауданында қар еріту пунктін салу үшін 21 жер учаскесі алынады

14:29, 30 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу басталатыны туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген: "Медеу ауданында, Латифа Хамиди көшесінің шығысында, Жүргенов көшесінің солтүстігінде орналасқан 21 жер учаскесін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті қар еріту пунктін салу үшін мәжбүрлеп алу басталсын".

Аталған учаскелер Жүргенов және Латифа Хамиди көшелері бойында орналасқан.

Мәжбүрлеп алу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

"Қала жер орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы) меншік иелерін заңнамаға сәйкес хабарлау міндеттелген.

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына:

  • Жер учаскелерінің меншік иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
  • Жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алғаннан кейін оларды Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасына балансқа өткізу міндеті жүктелген.

Бұған дейін 2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданатындығын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!