Алматы қаласындағы тергеу изоляторы бастығының ұсталуы: ҚАЖК түсініктеме берді

19:42, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: pxhere

Әлеуметтік желіде 9 қыркүйекте Алматы қаласындағы тергеу изоляторының бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz сайтына ҚР ІІМ ҚАЖК түсініктеме берді.

Құзырлы ведомство бұл факт бойынша құзыретті органдар тергеу амалдарын қолға алғанын жеткізді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК да қызметтік тексеру жүргізеді.

"Олардың нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. ІІМ ҚАЖК өз қатарында құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген көріністеріне төзбеушілік ұстанымын ұстанады, осыған байланысты объективті және жан-жақты тергеудің жүргізілуіне өз тарапынан жәрдемдесетін болады", деп атап өтті ҚАЖК.

4 қыркүйекте пара алды деген күдікпен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!