Алматы қаласы әкімінің орынбасары отставкаға кетті
© Сурет: gov.kz
2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады. Осы күннен бастап Әсем Нүсіпова әкімнің орынбасары қызметін атқармайды, деп жазады Zakon.kz.
Әкімдіктің ресми хабарламасында:
"2025 жылғы 7 тамызда Әсем Нүсіпова өз еркімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті".
2022 жылдың ақпан айынан бері ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларын қадағалап келген болатын.
Қала әкімдігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Дархан Сатыбалдының орынбасарлары:
- Асқар Амрин – қоғамдық көлік, энергетика мен сумен жабдықтау, қаржы салаларына жауапты;
- Бейбіт Шаханов – құрылыс, спорт және жер қатынастары салаларын қадағалайды;
- Азамат Қалдыбеков – қоғамдық даму, мәдениет, дін және жастар саясаты;
Олжас Смағұлов – экономика және мемлекеттік активтер, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, туризм, экология және абаттандыру мәселелерімен айналысады.
Айта кетейік, Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін әкімдікте кадрлық өзгерістер орын ала бастады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды





