Қостанай облысында ірі қара мал жаппай өңдеуге өткізілуде
© Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының Әулиекөл ауданы Новоселов ауылында бруцеллез ошағы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" телеарнасының дерегінше, ошақ ауылдағы шаруашылықтың бірінен анықталды. Ірі қара өсірумен айналысатын серіктестіктің 95 сиырынан бруцеллез таяқшасы табылған. Оның барлығы шұғыл түрде өңдеуге өткізілді. Қалған малды зерттеу жұмыстары жалғасады.
"Қазір ауылдан мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тиым салынды",- делінген ақпаратта.
Жағдайға Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев түсіністеме берді.
"Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс жүргізуде. Екі мәрте жақсы нәтиже алғанша, 15-20 күн сайын қан алынып, зерттеу жүргізіледі"- деді ол.
Бұған дейін Жамбыл облысында ашық жатқан құдыққа сиыр түсіп кеткендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 10 ақпан 2026
Қазақстанда бюджет үдерісінде цифрлық теңгені қолдану кеңейтіледі
-
14:34, 10 ақпан 2026
Қазақстанда көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың жаңа мөлшері белгілі болды
-
14:21, 10 ақпан 2026
Ұлттық банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды қайта қарамақ
-
14:18, 10 ақпан 2026
Президент тамақ өнеркәсібін дамытуға қатысты жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтты
-
14:14, 10 ақпан 2026
Қазақстанда Жасанды интеллект қоры құрылды





