Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Көлік министрлігі мен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі іс-шаралар қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік ақпаратынша, бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады:
- 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
- әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
- инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
- әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
- қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
"2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда биыл 800 экоавтобус сатып алынғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





