Алматы бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамы: толассыз жауған жаңбыр қашан тыйылады

17:21, 16 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

Синоптиктер алдағы үш тәулікте Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты. Оған сәйкес, оңтүстік астанада 2024 жылдың 16 сәуіріне қараған түні басталған жаңбыр 18 сәуір, яғни бейсенбіде бір-ақ тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Алматыда:

17 сәуірде: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +16...+18°С;

18 сәуірде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +19...+21°С;

19 сәуірде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +21...+23°С.

Сондай-ақ, синоптиктер елорда мен еліміздің екінші ірі мегаполисіне қатысты үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада:

17 сәуір - аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +14...+16°С;

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні -9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +20...+22°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +22...+24°С.

Шымкентте:

17 сәуір - аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел соғады. Батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +22...+24°С;

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +23...+25°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!