Алматы ақ мамыққа оранып, коммунальдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
© Сурет: Zakon.kz
Оңтүстік астанада қар жауып жатқанына бір тәуліктен асты. Қаланың кейбір аудандарындағы қар жамылғысының биіктігі 49 см-ге жетті. Коммуналдық қызметтер қала көшелеріндегі қарды тазалауға бар күшін салуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда ұзаққа созылған жауын-шашын жағдайында қар тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.
Қар 16 қаңтар күні таңертең басталып, "Қазгидромет" болжамына сәйкес үзілістермен 18 қаңтар таңына дейін сақталады.
"17 қаңтар, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, қалада 15 см қар түсті. Метеорологиялық станциялардың деректері бойынша, "Аэропорт" авиациялық метеорологиялық станциясындағы қар жамылғысының биіктігі 11 см, "Каменское плато" метеостанциясында 38 см, "Шымбұлақ" метеостанциясында 49 см болды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойы режимде жұмыс істеуде: 2,8 мыңнан астам жұмысшы мен 1250 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қауіпті учаскелерде көктайғақтың алдын алу мақсатында 75 жедел бригаданың жұмысы ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Шағын габаритті техника тротуарлар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды механикаландырылған тәсілмен тазалауды қамтамасыз етеді, аялдамалар, жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустар қол күшімен тазалануда. Түнгі уақытта қарды екі кезеңмен ысырып шығару жұмыстары жүргізіліп, жаппай шығару ұйымдастырылды - негізгі магистральдар мен қоғамдық кеңістіктерден 3 мың текше метр қар сыртқа шығарылды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Жүргізушілерден мүмкіндігінше көліктерді жол жиегінде қалдырмауды және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұл қаланы қысқа мерзімде ретке келтіруге мүмкіндік береді. Жағдай тұрақты бақылауда.
Бұған дейін синоптиктер Алматы бойынша алдағы бір аптаға (17-23 қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, осы демалыс күндері мегаполисте аязды күндер сақталып, қар жаууын жалғастырады, ал келесі аптадан бастап сынап бағаны біртіндеп жоғарылай бастайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





