Алимент төлеуден жалтарғандар букмекерлік кеңселерде бәс тігіп жүр
© Фото: unsplash
Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылы 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты "Олимп" букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.
"Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды",- делінген ақпаратта.
Алиментті уақытында және толық көлемде төлеу бұл әр ата-ананың міндеті мен парызы.
Бұған дейін 2025 жылғы қаңтар айына Қазақстан Республикасы бойынша ауа райының консультативтік болжамы туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 3 қаңтар 2025
Қазақстандық офицер өз өмірін қатерге тігіп, мас жүргізушіге тосқауыл болды
-
13:08, 3 қаңтар 2025
ТЖМ қызметкерлері екі тәулік ішінде 182 адамды құтқарды
-
12:53, 3 қаңтар 2025
Петропавлда үш жігіт Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп, суретке түскен
-
12:53, 3 қаңтар 2025
Петропавлда үш жігіт Абай мен Пушкмннің ескерткішіне мініп, суретке түскен
-
12:16, 3 қаңтар 2025
Қазақстанда санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді