Александр Бублик пен Юлия Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирді жеңіспен бастады

11:06, 3 желтоқсан 2023

© Сурет: Андрей Ударцев

Санкт-Петербургте "Солтүстік Пальмира трофейлері" екінші халықаралық командалық турнирі басталды. Жарысқа қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик (әлемнің 32-ракеткасы) өзінің алғашқы матчында испаниялық теннисші, әлемнің 57-ракеткасы Роберто Баутиста Агутты 6:4, 3:6, 10:6 есебімен жеңді.


Ал әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бастапқы ойында Болгария өкілі Виктория Томованы 6:2, 6:3 есебімен жеңді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!