Ақтөбеде жиенін жүкті қылған зейнеткер сотталды

10:24, 4 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысында өгей немересін зорлаған зейнеткер сотталды. Азғынның бұл қылмысы тек 14 жастағы мектеп оқушысы босанған кезде ғана белгілі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға былтыр оқу жылы басталғанда Ойыл ауылында болған. 9-сыныпта оқитын жасөспірім сабақ үстінде "ішім қатты ауырып тұр" деп, дәрігер шақыртуды сұраған. КТК ақпаратына сүйенсек, тексеру барысында оның толғағы ұстап босанғалы тұрғаны анықталды. Осылайша қыздың жүкті екенін тоғыз ай бойы ешкім аңғармаған. Тергеу кезінде жасөспірімге зорлық көрсеткен нағашы әжесінің күйеуі екені анықталды.

65 жастағы зейнеткер сот үкімімен кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін Ойыл ауданындағы білім саласына жауапты басшы қызметінен босатылып, аудан әкімі мен бірнеше лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жариялан еді. Сондай-ақ аудандық аурухана басшысы мен мектеп директорын қызметтен босату мәселесі де қаралды. Өйткені жасөспірім айналдырған бір жылда үш рет медициналық тексеруден өткенімен, дәрігерлер оның жүкті екенін анықтамаған. Дегенмен ол бас дәрігер қазір басқа жерде басшы қызметін жалғастырса, мектеп директоры әлі сол орнында. Ал қызметінен қуылған білім бөлімінің басшысы жұмыссыз ұзақ жүрмей, қазір аудандағы мектептердің бірінде директор қызмеінде отыр. Бұл дерек қоғамда үлкен резонанс туғызып, кәмелетке толмағандарды қорғау, медициналық бақылау мен әлеуметтік жауапкершілікті күшейту мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

"Қылмыстық құқық бұзу жиынтығы бойынша жаза тағайындау жолымен түпкілікті Қозыбақовқа педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қозыбақовтың жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын". Алтынбек Сабыров, Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы

Бұған дейін Астана мен Алматыда қылмыстық топ мүшелері ұсталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!