Жаңа Салық кодексі: мамандар маңызды сұрақтарға жауап берді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды жиі мазалайтын өзекті сұрақтар тізбесіне жауап берді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
2026 жылдан бастап жаңа оңайлатылған режимге қалай өтініш беруге болады?
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:
- Салық төлеушінің кабинетi арқылы (СӘИЖ АЖ жүйесінде "Құжаттарды тапсыру" → "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама");
- "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы ("Сервис" бөлімі → "ДК салық режимін өзгерту");
- Қағаз түрінде орналасқан жері бойынша МКБ-на;
- Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (Kaspi Bank және Halyk Bank).
Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама тапсырдым, бірақ бас тарту келді. Неліктен?
Бас тарту себебі хабарламаны өңдеу нәтижесінде әрдайым көрсетіледі.
Оны Құжаттар → Менің құжаттарым → Салық өтініші → Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама → Қабылдау немесе бас тарту туралы электрондық хабарлама бөлімінен тексеріңіз.
Онда хабарламаның не себепті қабылданбағаны көрсетіледі.
Оңайлатылған режимге көшу туралы хабарлама тапсырдым. Нәтижесін қайдан көруге болады?
Нәтижені Құжаттар → Менің құжаттарым → Салық өтініші → Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама → Электрондық хабарлама бөлімінен көруге болады. Сондай-ақ Профиль бөліміндегі "Салық салу режимі" бөлімінен де қарауға болады.
Хабарлама берген кезде келесідей бас тарту шығады:" ЭҚЖЖ рұқсат етілген тізімге кірмейді", бірақ тыйым салынған тізімде жоқ. Неліктен?
Көбінесе бас тартудың себебі — көрсетілген ЭҚЖЖ коды ескірген, өзгертілген немесе жіктеуіштен алынып тасталған болуы мүмкін.
Мысалы, 86900 ЭҚЖЖ күші жойылып, оның орнына 86901 және 86909 енгізілген; 62022 ЭҚЖЖ жіктеуіштен толықтай алынып тасталған.
Не істеу керек? Экономикалық қызмет түрін тіркеу деректерінде жаңарту қажет:
- ДК - тіркеу деректеріне өзгеріс енгізу туралы хабарлама тапсыру;
- Заңды тұлғалар - тіркеуші органдар арқылы немесе "Е-статистика" жүйесінде өзгерістер енгізу.
Деректер жаңартылғаннан кейін және барлық талаптар сақталған жағдайда, қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны қайта тапсыру қажет.
Дара кәсіпкерді (ДК) жаба алмай отырмын: өтініш толтырылған, бірақ "Қол қою және жіберу" батырмасы белсенді емес.
Салық төлеушінің кабинетi арқылы өтініш берген кезде Салық кодексінің 74-бабы тармақтарының жанында тұрған қызыл белгіге назар аударыңыз. Оны бассаңыз, жүйе нені түзету қажет екенін көрсетеді.
Жиі кездесетін себептер:
- таратылу (жабу) бойынша салықтық есептілік тапсырылмаған;
- бақылау-касса машинасы (БКМ) есептен алынбаған;
- басқа да аяқталмаған міндеттемелер бар.
Себептер жойылғаннан кейін батырма белсенді болады.
Бұған дейін салықтық есептілік нысанын кері қайтарып алу, шегерімдер, ЖК есептілік нысандары жайлы нені білу керектігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:16, 3 ақпан 2026
Мобильді аударымдар мен төлемдер қандай жағдайда қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
16:08, 3 ақпан 2026
Исламабад Қазақстан президентінің сапарына қалай дайындалды
-
15:54, 3 ақпан 2026
Алматыда шаруашылық қосалқы нысан сүрілді
-
15:48, 3 ақпан 2026
3 ақпандағы сауда-саттықта доллар тағы арзандады
-
15:35, 3 ақпан 2026
Қазақстанда «жоғары» салымдар дәуірі жалғасуда





