Ақтөбеде жас жігітті пышақтап өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды
Ақтөбелік патрульдік полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлімін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қазан күні сағат таңғы 5-те Орталық аудандық ауруханасына белгісіз біреулер жүрек тұсындағы пышақ жарақатымен жас жігіттің мәйітін әкеліп, оны аурухана дәлізінде қалдырып, қашып кеткен. Кезекші аурухана қызметкерінің айтуынша, олар қара түсті машинада үш адам болған. Көлік маркасын қарай алмаған. Дәрігерлер бірден "102" нөміріне қоңырау шалған. Алға аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөлімі барлық тәртіп жасақтарына хабар берді.
Патрульді полиция ротасының түнгі экипажының лейтенанты Махамбет Садыков пен Бердібек Бекқали тас жолды күзету кезінде барлық қара түсті көліктерді тоқтатты.
Көп ұзамай, Бештамақ ауылына кірер тұста, үш ер адам мінген қара – көк түсті "Лексус" автокөлігі тоқтатылды. Олардың іс-әрекеттері полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің біреуі жанжал барысында зардап шегушіге пышақ жарақатын келтіргенін, оқиға орнында көз жұмғанын айтып кінәсін мойындады. Ол полиция инспекторларына кісі өлтіру құралын - пышақты берген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 26 сәуір 2024
Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылады
-
10:37, 26 сәуір 2024
Қорғаныс шебінде: ембілік мұнайшылар су басу қаупінің алдын алуда
-
10:27, 26 сәуір 2024
Жол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді
-
09:59, 26 сәуір 2024
Қызылорда қаласында «Жасыл аймақ» акциясына ардагерлер де атсалысты
-
09:47, 26 сәуір 2024
Алматыда жаңа жағалау пайда болады