Ақтөбеде такси жүргізушісі мас күйде көлік айдаған

17:27, 16 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

15 қазанда сағат 03:00 шамасында Шернияз көшесі бойында Ақтөбе патрульдік полициясының қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 56 жастағы такси жүргізушісінің жай-күйі тәртіп сақшыларына күмән тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.

Сот шешімімен құқық бұзушы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапты, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!