Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады
© Фото: zakon.kz
15 қазанда сағат 03:00 шамасында Шернияз көшесі бойында Ақтөбе патрульдік полициясының қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 56 жастағы такси жүргізушісінің жай-күйі тәртіп сақшыларына күмән тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.
Сот шешімімен құқық бұзушы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапты, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 16 қазан 2024
«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
-
18:56, 16 қазан 2024
Өскемендегі автокөлікке қызмет көрсету орталығында өрт шықты
-
18:33, 16 қазан 2024
Түркістан облысында мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмен табылды
-
18:11, 16 қазан 2024
Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар командасының құрамы анықталды
-
17:59, 16 қазан 2024
Көлік полицейлері 18 жастағы есірткі таратушыны теміржол бойында ұстады