Ақтөбеде полицейлер заңсыз айналымнан 300 дозадан астам «синтетика» тәркіледі
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты.
Тінту барысында автокөліктен спорттық рюкзак табылды, оның ішінде ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет және сары түсті жабысқақ ленталар, 100 zip-пакет және электронды таразы болды.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 119 грамнан асатын мефедрон болып шықты. Бұдан әрі тергеу іс-қимылдары барысында ұсталған адам орман алқабында 25 дана көлемінде ұнтақ зат салынған түйіншек қойылған орындарды көрсетті.
Полицейлер 300 дозадан астам синтетикалық есірткінің айналымын тоқтатты. Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды