Ақтөбеде қарлы боранда 65 жасар ер адам мал жаюға шығып, жоғалып кетті

09:45, 7 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбеде 6 қарашадағы ТЖМ құтқарушыларына түскен кезекті қоңырау ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға шығып, байланысқа шықпай қалған 1959 жылы туған ер адамның жоғалуына байланысты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерде құтқарушылар боран салдарынан бағдарынан айырылған адамды тапты.

Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ ауа-райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз.

Бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылына жақын маңайда қар құрсауында қалып қойған 4 адам құтқарылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!