Ақтөбеде бюджет қаражатынан жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге ұрланған
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының прокуратурасымен "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ-і директорымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.
Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 9 қаңтар 2025
Полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындады
-
10:46, 9 қаңтар 2025
Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
10:38, 9 қаңтар 2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы: Жамбыл облысындағы студенттердің бастамасымен тәрбиелік форум өтті
-
10:22, 9 қаңтар 2025
Абай облысында су тасқыны кезінде бүлінген көпір қалпына келтірілді
-
10:14, 9 қаңтар 2025
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау: ережелер жаңартылды