Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

21:00, 28 наурыз 2024

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

28 наурыздан бастап Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы әкім аудан әкімі Дархан Ермағанбетов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, 28 наурыздан бастап Қобда ауданында да төтенше жағдай жарияланды. Мұны аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев хабарлады.

Комиссия су тасқынынан келген шығынды анықтайды.

Төтенше жағдайды жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!