Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

21:09, 27 наурыз 2024

© Сурет: railways.kz

Ақтөбе облысындағы Қауылжыр станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір Қауылжыр станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді.

"27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді"."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Сағат 19:10-дағы жағдай бойынша Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты үзілген пойыз қозғалысы қайта жанданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!