Ақтауда жеңіл көлік жүргізген әйел теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты
© Фото: Zakon.kz
Ақтауда жеңіл автомобиль мен тепловоз қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, апат 2 қаңтар күні сағат 09:00 шамасында "Гелиос" жанармай бекеті маңындағы теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet маркалы автокөлікті басқарған әйел жақындап келе жатқан тепловозды байқамай, соқтығысып қалды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы — "Жол жүрісі ережелерін бұзу, адамның денсаулығына немесе мүліктің зақымдануына әкеп соққан жағдай" бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, зардап шегушіге білектің сынуы диагнозы қойылған. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы орталығында да ірі жол-көлік оқиғасы болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 3 қаңтар 2026
Николас Мадуро Венесуэлада төтенше жағдай жариялады
-
12:54, 3 қаңтар 2026
Зейнетақы мен жәрдемақылар–2026: Қазақстанда төлемдер қаншалықты өсті
-
12:49, 3 қаңтар 2026
Польшадағы басты шырша Корольдік сарай маңында Жаңа жыл түнінде жанып кетті
-
12:35, 3 қаңтар 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 3 қаңтар
-
12:28, 3 қаңтар 2026
АҚШ-та парашютші футбол қақпасының торына ілініп, 10 метрден құлады





