Ақтауда жасөспірімдер қатарласын аяусыз соққыға жыққан

21:50, 17 маусым 2024

© Сурет: t me/aktau_112

Қазнетте Ақтауда бір топ жеткіншектің баланы аяусыз соққыға жығып жатқаны түсірілген кадрлар тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан жасөспірімнің өзіне тиген соққыдан жерге құлап, жылап жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облысының полиция департаменті Zakon.kz сайтына кәмелетке толмағандар анықталып, Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілгенін, онда олармен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.


"Ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылды", - деп хабарлады ведомство.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!