Ақтауда сатушы әйелге шабуыл жасаған ер адам сотталды

© Фото: zakon.kz
Ақтау қалалық соты азық-түлік дүкеніндегі кассир әйелге жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada басылымының істің материалдарына сілтеме жасап жазуынша, оқиға 13 мамыр күні түнгі сағат 02:31 шамасында болған. Мас күйдегі ер адам дүкенге сыра алу үшін келген, алайда сатушы бас тартқан. Сол үшін ер адам ересек әйелдің бетіне жұдырықпен соққы жасаған.
"Сотталушының кінәсі оның өз мойындауымен, жәбірленуші мен куәгерлердің түсініктемелерімен және бейнебақылау камераларындағы жазбалармен толық дәлелденді. Прокурор М.-ға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Б. заңға сәйкес қатаң жаза тағайындауды талап етті. М. өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді сұрады", – делінген сот хабарламасында.
Сот істі қарау барысында айыпталушыға қатысты жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайларды анықтамаған.
"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, оған алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми ақпаратта.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 14 шілде 2025
Жұмысынан айырылған ел азаматына қандай төлемдер қарастырылады
-
17:10, 14 шілде 2025
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медаль еншіледі
-
16:55, 14 шілде 2025
Көкшетауда көлік полицейлері есірткі курьерін ұстады
-
16:52, 14 шілде 2025
Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:42, 14 шілде 2025
Астанада көліктен ақша ұрлаған ер адам қолға түсті