Ақтауда өзара сөзге келген жастар қан-жоса болғанша төбелескен
© Сурет: pixabay
Ақтауда жастар төбелесінен кейінгі жайсыз жайттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. Видеодан төбелес салдарынан орын алған жағдайға куә болуға болады. Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған. Көлікте және жерден қан дақтарын да көруге болады. Оқиға куәгерлері өзара сөзге келіп қалған төрт жастың төбелескенін айтады.
"Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысы ПД-ға сілтеме жасап.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 19 мамыр 2024
Ақтауда оқушы қызға қол жүгіртті деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі екі айға қамауға алынды
-
17:39, 19 мамыр 2024
ШҚО-да аралда қалып кеткен құлындарға құтқарушылар көмекке келді
-
17:15, 19 мамыр 2024
Усиктің проумоутері боксшының жағының сынғанын жоққа шығарды
-
17:00, 19 мамыр 2024
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады
-
16:51, 19 мамыр 2024
Дзюдодан ӘЧ-2024: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін таласатын болды