Ақтауда құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр

13:26, 15 маусым 2024

© Сурет: pixabay

14 маусымда суда тағы бір қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 19:20-да "101" пультіне Ақтаудағы "Монтажник" демалыс базасынан 1,5 шақырым жерде 21 жастағы жігіт суға батып кетті деген хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарын бастады.

Алайда қараңғылық салдарынан сенбі күні таңғы алтыға дейін іздеуді тоқтатқан. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!