Ақтауда кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтаған

22:58, 20 тамыз 2026
MKZ: 1562406

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысында жеке кәсіпкер демалыс базасын салуға арналған 117,2 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны заңсыз алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында жеке кәсіпкер "А" өкілі орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі негізсіз ұлғайтылған жалған жобалық-сметалық құжаттаманы пайдалану арқылы Маңғыстаудағы демалыс базасының құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мақсатында 117,2 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны заңсыз алғаны анықталды.

"Сонымен қатар, нысанның мемлекеттік қолдау шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін салынғаны және көрсетілген құрылыс жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмағаны белгілі болды. Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру мақсатында жымқырылған бюджет қаражаты банк депозитіне орналастырылып, нәтижесінде 5,6 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алынған. Ақтау қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер "А" өкілі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді". Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Прокуратура мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын заңсыз алғаны үшін заңда белгіленген жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

Бұған дейін Қосшыда Қытайға оқуға түскісі келетін талапкерлер алаяқтың құрбаны болғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!