Қазақстанда аптап ыстық алдағы уақытта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылдың жазында 111 жыл бойы сақталған рекорд жаңарып, аптап ыстық болды. Климатологтардың пікірінше, бұл болашақта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
"КТК" телеарнасы берген ақпаратқа сәйкес, климатологтар әдетте температура көрсеткіштерін аномальды деп атауға асықпайды. Алайда биылғы жаз мамандардың өзін таңғалдырды. Тек шілде айының өзінде жеті температуралық рекорд жаңарды. Осы жазда Шымкент, Түркістан, Алматы және басқа да қалаларда аптап ыстық болды.
"Температура аномалиясы +2,96 градусты құрады. Ең жылы 10 жылдың тоғызы XXI ғасырға тиесілі. Қазақстанда 2014 жылдан бастап 12 жыл қатарынан жаз мезгілі қалыпты көрсеткіштен жылы болды. Ел аумағының басым бөлігінде температурасы 30 градустан жоғары күндердің саны артып келеді. Батыс және оңтүстік өңірлерде мұндай күндердің саны әр 10 жыл сайын 4-7 тәулікке көбейіп келеді", – дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Муратова.
Сарапшылар алдағы жылдары да температуралық рекордтар тіркелуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал оңтүстік өңірлердің тұрғындары мұндай ыстыққа қазірдің өзінде әрең шыдап жүргендерін айтады. Бір апта бұрын Алматыда ауа температурасы 40 градусқа жуықтады. Мұндай ыстықта серуендеу нағыз сынаққа айналды. Көшеге шығу іс жүзінде мүмкін болмай, адамдар көлеңкеден көлеңкеге жүгіріп жүргендей болды.
Қазір аптап ыстық біршама басылды, тіпті 30 градус температураның өзі жеңілдік сияқты сезіледі. Адамдар ыстықтан әртүрлі жолмен қорғанып жүр. Балаларға тіпті қиын.
Қырғызстан климатологтары Орталық Азияда температураның көтерілуі әлі де жалғасатынын ескертті. Демек бүгін аномальды ыстық болып көрінетін жағдай болашақта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.
"Бүгінде біз тек Қырғызстанда ғана емес, Орталық Азияда, тіпті бүкіл әлемде байқап отырған климаттық қауіптердің бірі – осы. Бізде жыл мезгілдерінің ауысуы өзгеріп жатыр. Жылдың жылы кезеңі ұзарып келеді. Алдағы уақытта жақсы нәрсе күтудің қажеті жоқ. Температура қалай көтеріліп келсе, алдағы уақытта одан да қарқынды түрде көтеріле береді. Температураның жоғарылауын әсіресе Еуропа қатты сезінді және әлі де сезініп отыр. Осы жазда Франция, Испания, Португалия, Германия, Бельгия және Ұлыбританияда ауа райына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды", – дейді климатолог Зоя Кретова.
Биыл жазда Шымкентте 111 жыл бұрын орнатылғантемпературалық рекорд жаңарды. Қалада термометр көрсеткіші 45 градустан асты.
Ал 2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстанда 71 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 20 тамыз 2026
Арыстағы әскери бөлім маңында өрт шықты
-
10:13, 20 тамыз 2026
Шымкентте құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден баланы алып шықты
-
10:07, 20 тамыз 2026
ІІМ: Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
-
09:58, 20 тамыз 2026
Қазақстандықтарға тұрғын үйді қайта жекешелендіруге рұқсат берілді: шарттары қандай
-
09:49, 20 тамыз 2026
Жасырын сақталған көк паспорт: полиция бұрынғы қазақстандықтарға ескерту жасады





