Қазақстандықтарға тұрғын үйді қайта жекешелендіруге рұқсат берілді: шарттары қандай
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекеттік тұрғын үйді бұған дейін жекешелендірген қазақстандықтар бірқатар шартты сақтаған жағдайда баспананы қайта жекешелендіре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы жылжымайтын мүлік 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін жекеменшікке рәсімделуі керек. Бұл ретте бұрын алынған пәтердегі немесе үйдегі үлес 50%-дан аспауға тиіс. Үкімет қаулысына сәйкес, аталған санаттағы азаматтар үшін жаңа қағидалар 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалған қазақстандықтар бұрынғыдай мемлекеттік тұрғын үйді тек бір рет жекешелендіре алады.
Сонымен қатар құжатқа енгізілген түзетулер тұрғындарға баспананы 15 жылға дейін бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Әсем Әлжанова Almaty.tv арнасына негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
"Осыдан бірнеше күн бұрын жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алған азаматтар оны қайта жекешелендіру үшін әкімдікке өтініш бере алады. Жалпы, мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру шарттары мен талаптары өзгерген жоқ. Жекешелендіру – міндет емес, азаматтардың құқығы. Тұрғын үйді кез келген ыңғайлы уақытта жекешелендіруге болады. Оның үш тетігі бар. Біріншісі – өтеусіз жекешелендіру. Тұрғын үй заңнамасында белгіленген азаматтардың жекелеген санаттары баспананы өтеусіз ала алады. Екіншісі – қалдық құны бойынша толық сатып алу. Үшіншісі – 15 жылға дейін ай сайын белгілі бір соманы төлеп, бөліп сатып алу. Жекешелендіруге арналған құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсыруға болады. Электронды өтініш eGov порталы арқылы, ал қағаз құжаттар ХҚКО бөлімшелерінде қабылданады", – деді ол.
Мемлекеттік тұрғын үйді кімдер тегін жекешелендіре алатынына тоқталған Әлжанова тиісті санаттар "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 13-бабында белгіленгенін айтты.
"Олардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, Семей полигонына қатысты куәлігі бар азаматтар, Арал маңы өңірінде тұратын тұрғындар және басқа да санаттар бар", – деді Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы.
Бұған дейін Zakon.kz Алматыдағы тұрғын үй нарығына шолу жасап, қалада 9 млн теңгеге пәтер сатып алу мүмкіндігін анықтаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 20 тамыз 2026
Арыстағы әскери бөлім маңында өрт шықты
-
10:13, 20 тамыз 2026
Шымкентте құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден баланы алып шықты
-
10:07, 20 тамыз 2026
ІІМ: Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
-
09:49, 20 тамыз 2026
Жасырын сақталған көк паспорт: полиция бұрынғы қазақстандықтарға ескерту жасады
-
09:35, 20 тамыз 2026
Ұлттық каталогта тауарларды тіркеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр





