«Қайратты» бельгиялық «Андерлехт» ойсырата ұтып кетті
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 20 тамызында кешке Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчы өтті. Қазақстандық "Қайрат" бельгиялық "Андерлехтті" өз алаңында қабыл алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матчтың басы алаң иелері үшін сәтсіз болды: қонақтардың екінші минутта орындаған алғашқы бұрыштама соққысы голмен аяқталып, қорғаушы Жульян Бьянкон ерекше көзге түсті.
Арада 22 минут өткен соң "Андерлехт" өз басымдығын еселеді: жартылай қорғаушы Лукас Амброс алыстан соққан добы Темірлан Анарбековтің қақпасына дөп кірді.
Бірінші таймның соңына қарай "Қайраттың" жағдайы, тіпті қиындап кетті. Алдымен алаңнан Александр Широбоков қуылды, ал үзіліске шығар алдында бельгиялық ұжым шабуылшы Даниил Сиканның күшімен таблодағы ұпайды 3:0 етті.
Екінші таймда командалар алаңға мүлде басқа көңіл-күймен шықты: қонақтар УЕФА Еуропа лигасының жалпы кезеңіне шығу үшін тағы бірнеше гол соғуды мақсат етсе, ал Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері азшылықта ойнаса да енді қақпаларына гол өткізбеуге тырысты.
Қазақстан чемпионы қарсыластың қысымына қарамастан, азшылықта тамаша өнер көрсетіп, қонақтарға төтеп берді. 3:0 есебі соңғы ысқырыққа дейін өзгеріссіз қалды.
Бұл командалар арасындағы қарымта ойын 27 тамызда Бельгияда өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:58, 20 тамыз 2026
Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды
-
21:47, 20 тамыз 2026
«Тұман түседі». Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:55, 20 тамыз 2026
Еркін күрестен U20 әлем чемпионаты: Бекасыл Асамбек жартылай финалға шықты
-
20:08, 20 тамыз 2026
«Шекара күштері де тартылды». Жетісу облысында таудың басында алапат өрт болып жатыр
-
19:58, 20 тамыз 2026
Қосшыда Қытайға оқуға түскісі келетін талапкерлер алаяқтың құрбаны болды





