Күндіз Алматы мен Ақтөбені, түнде тағы екі қаланы қолайсыз ауа райы жағдайы күтіп тұр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның төрт қаласының тұрғындарына бүгін көшеде ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бейсенбі күні "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуден белгілі болды.
"2026 жылғы 20 тамызда Алматы мен Ақтөбе қалаларында, ал түнде Атырау мен Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – деп ескертті синоптиктер.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.
ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластау көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін, 2026 жылғы 19 тамызда Алматыда күндіз, ал Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 20 тамыз 2026
Арыстағы әскери бөлім маңында өрт шықты
-
10:13, 20 тамыз 2026
Шымкентте құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден баланы алып шықты
-
10:07, 20 тамыз 2026
ІІМ: Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
-
09:58, 20 тамыз 2026
Қазақстандықтарға тұрғын үйді қайта жекешелендіруге рұқсат берілді: шарттары қандай
-
09:49, 20 тамыз 2026
Жасырын сақталған көк паспорт: полиция бұрынғы қазақстандықтарға ескерту жасады





