Бибісара Асаубаева Cairns Cup супертурнирінде үшінші орын алып, 35 мың доллар иеленді

10:56, 20 тамыз 2026
MKZ: 1562275

© Сурет: Kazchess

2026 жылдың 20 тамызға қараған түні АҚШ-тың Сент-Луис қаласында Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирінің алтыншы жарысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы турда қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның намысын қорғаушы Конеру Хампимен кездесті.

Бибісара ақ фигуралармен ойнады. Кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Осылайша, Бибісара 5 ұпай жинап, қорытынды есепте үшінші орынға ие болды. Ол жүлде ретінде 35 мың АҚШ долларын алды.

Турнирде бірінші орынды қытайлық Тань Чжунъи иеленді. Ол 6,5 ұпай жинап, 65 мың доллар еншіледі. Екінші орын АҚШ өкілі Элис Лиге бұйырды. Ол 6 ұпай жинап, 50 мың доллар алды.

Турнирдің қорытынды нәтижелері:

1. Тань Чжунъи (Қытай) — 6,5 ұпай, 65 мың доллар;

2. Элис Ли (АҚШ) — 6 ұпай, 50 мың доллар;

3. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 5 ұпай, 35 мың доллар;

4. Кларисса Ип (АҚШ) — 5 ұпай, 35 мың доллар;

5. Анна Музичук (Украина) — 4,5 ұпай, 13 667 доллар;

6. Дивья Дешмух (Үндістан) — 4,5 ұпай, 13 667 доллар;

7. Ставрула Цолакиду (Грекия) — 4,5 ұпай, 13 667 доллар;

8. Конеру Хампи (Үндістан) — 3,5 ұпай, 9 мың доллар;

9. Александра Костенюк (Швейцария) — 3 ұпай, 8 мың доллар;

10. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — 2,5 ұпай, 7 мың доллар.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрады.

Айта кетейік, Қазақстанның тағы бір спорт жұлдызы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!