Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды

12:44, 30 шілде 2026
MKZ: 1558797

© Сурет: unsplash

Ақтауда 9 жастағы бала тісін емдеткеннен кейін денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеткіншектің анасының айтуынша, ем-домнан соң ұлының төменгі жақ сүйегінің 60-70 пайызы зақымданған. Ақмарал Қалжанова биыл ақпан айында ұлын профилактикалық тексеруден өткізу үшін облыстық стоматологиялық орталыққа апарған. Дәрігерлер баланың тісін алдын ала рентген тексеруінен өткізбестен, ем жүргізіпті. Ал, процедурадан кейін тіске пломба салмай, екі аптаға үйіне жіберген. Кейін тағы да екі рет емдеген. Алайда, содан кейін, жеткіншектің тісі ауырып, беті ісе бастапты.

Qazaqstan телеарнасының ақпаратына сүйенсек, кейіннен баланың жағдайы күрт нашарлап, Астанаға жеткізілген. Мұнда балаға төменгі жақ сүйегінің остеомиелиті және сүйек секвестрі диагнозы қойылып, 2 рет операция жасалды. Қазір жеткіншек тамақты шайнап, жей алмайды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

"Тәуелсіз сараптама жасадық. Соның шешімі бойынша біздің дәрігерлеріміздің іс әрекеті дұрыс емес деген шешімге келді. Екеуі де жас маман осы 25 жылы жұмысқа кірген. Енді екеуіне де сөгіс берілді. Сарапшылардың айтуынша басынан бастап емді дұрыс жүргізбеген деді".Ғалымжан Бақытжанов, Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының директоры:

Бұған дейін үйден кетіп, байланыссыз қалған азамат үш айдан кейін аман-есен табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!