Ақтауда AQYL TECH / IT AIEL форумы өтеді: жастар мен әйелдерге арналған цифрлық болашақ пен қаржылық сауатты

17:55, 15 шілде 2025

2025 жылғы 17 шілдеде Ақтау қаласында жастар мен әйелдерге арналған қаржылық сауаттылықты, цифрлық дағдыларды, киберқауіпсіздік негіздерін және жасанды интеллектіні қолдануды дамытуға бағытталған AQYL TECH / IT AIEL форумы өтеді.

Қатысушыларды не күтеді?

Форум бағдарламасында практикалық воркшоптар, панельдік пікірталастар, стартаптардың таныстырылымы және менторлармен кездесулер қарастырылған. Бұл сессиялар қатысушыларға технология мен цифрлық экономиканың әлеміне алғашқы қадам жасауға көмектеседі.

Қатысушылар жеке қаржыны басқару, ИИ арқылы контент жасау, жаңа цифрлық құралдармен сатылымды арттыру және өз стартапын іске қосу туралы маңызды білім алады.

Форум — сұранысқа ие дағдыларды меңгергісі келетін, жаңа мансаптық мүмкіндіктерді ашқысы келетін және Қазақстандағы технологиялық қауымдастықтың бір бөлігі болғысы келетіндер үшін өсу алаңы болмақ.

Жастар мен әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық, цифрлық дағдылар, ИИ қолдану және киберқауіпсіздік негіздеріне арналған білім беру бағдарламасына шақырамыз.

 

Спикерлер мен воркшоп тақырыптары:

Азиза Шужеева – «TechnoWomen» қауымдастығының Басқарма төрайымы

Бикеш Құрманғалиева – «TechnoWomen» тең құрылтайшысы, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының жетекшісі

Нұргүл Бексұлтанова – Fingwin компаниясының бас директоры. Воркшоп: «Егер сіз қаржыны басқармасаңыз — қаржы сізді басқарады»

Әлия Оразымбетова – “Ozgeshe” AI PR Studio. Тақырып: «ИИ көмегімен сатылымға бағытталған контент жасау»

Бибігүл Шайхиева – Бизнес-тренер, “Jarkyra” даму және бизнес орталығының директоры. Тақырып: «ИИ сатылымды қалай арттыра алады?»

Зарина Құтпанова, PhD, Astana IT University. Тақырып: «Қазақстандағы жаңа бизнес саласы – ұшқышсыз авиациялық жүйелер»

Айгерім Мәжтай – Mangystau hub өңірлік IT-хабының директоры.

 

Воркшоп: «Білімнен бастап жаһандық стартапқа дейін: технологиялар әлеміндегі жол»

Іс-шара бағдарламасы:

  • Қатысушыларды тіркеу
  • Воркшоптар мен практикалық сессиялар
  • Стартап таныстырылымдары және менторлармен талқылау
  • Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою

 

Күні: 17 шілде 2025 ж.

Уақыты: 10:00–14:00

Өтетін орны: Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы (19а ықшам ауданы, 1/1 үй, Ақтау қ.)

Тіркелу сілтемесі

 

Саланың көшбасшыларымен бірге жаңа дағдыларды меңгеріп, дамуға қадам жасаңыз! 

 

Дереккөз: TechnoWomen Non-profit Organisation


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!