Ақтау әуежайының жүргізушісі мен қойма меңгерушісі авиаотынды сатып келген

20:58, 19 қараша 2021

© Сурет: ҚР ҚМА

"Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі Әбдікамалов авиациялық отынды заңсыз сату кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында А. Әбдікмалов әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Шопаевпен бірге авиациялық отынды (керосин) ұрлағаны белгілі болды. Олар керосиннің бір литрін 120 теңгеден сатқан. Ал алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға бір литрін 150-160 теңгеден сатқан, - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Екі күдікті барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.

Олар үш жылға сотталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!