АҚШ, Канада және Бразилиядағы референдум учаскелері жұмысын бастады

19:32, 6 қазан 2024

© Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

АҚШ, Канада және Бразилиядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско (АҚШ), Оттава (Канада) және Бразилиа (Бразилия) қалаларындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады.

Еске салайық, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы бір Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!