Ақмолалық азамат алақтардың арбауына түсіп, 11 миллион теңгеге шығынға батты
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының тұрғыны 11 млн теңгеден астам шығынға ұшырап, инвестициялық алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 21 желтоқсанында Қосшы қаласының тұрғыны Google-ге инвестиция салу туралы жарнаманы көріп, өтініш қалдырды. Жарты сағаттан кейін оған "менеджер" хабарласып, валюта айырбастау үшін ksp-invsts.com сайтына сілтеме жіберді. Платформаның жұмысын шағын аудармамен тексергеннен кейін ер адам оның сенімділігіне сеніп, 100 мың теңге инвестициялады. Кейінірек онымен үлкен мәмілелер ұсынатын "трейдер" әйел байланысты.
"22 желтоқсанда ол 1 млн 600 мың теңге салып, көп ұзамай 140 мың долларлық "пайданы" көрді. Алайда, ақшаны алу мүмкін болмаған – қолдау қызметі "сақтандыруға" қосымша ақша салу керек деп мәлімдеді. Ер адам қарыз алып, ақша салған, алайда одан әрі жаңа талаптар келді: "операциялар тізбегіндегі қатені" түзету, "салық кодын" төлеу және жеке кабинеттің "құлпын ашу". Нәтижесінде ол бірнеше рет қарыз алып, оны алаяқтарға аударан. Шығын сомасы 11 млн теңгеге жеткенде, ақмолалықтың аккаунты бұғатталды", – деді полиция.
Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген ер адам 23 қаңтарда полицияға жүгінді.
Полиция ескертеді: инвестициялық алаяқтықтың құрбаны болмау үшін кепілдендірілген пайдаға сенбеңіз. Себебі, қаржы нарықтарын болжау мүмкін емес. Компанияның құжаттарын тексеріңіз – заңды брокерлердің лицензиялары бар. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз. Инвестиция жасамас бұрын сарапшылармен кеңесіңіз. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, аударымдарды бұғаттау үшін шұғыл түрде полиция мен банкке хабарласыңыз.
Бұған дейін Алматыда пәтер ұрылары қолға түскендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 28 қаңтар 2025
Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты
-
22:21, 28 қаңтар 2025
«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
-
22:05, 28 қаңтар 2025
Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды
-
22:00, 28 қаңтар 2025
Ұлытау облысындағы ауыл тұрғындары көлікпен жүру үшін жолға кілем төсеуге мәжбүр
-
21:51, 28 қаңтар 2025
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты