Геннадий Головкиннің бокс қолғабы музей қорына тапсырылды

11:35, 2 шілде 2026

© Сурет: Instagram/gggboxing

Қазақстанның аңызға айналған боксшысы Геннадий Головкин өзінің бокс қолғабын Қазақстан Ұлттық ұланының Орталық музейіне табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл спорттық жәдігердің музей қорына тапсырылуы тек музей үшін ғана емес, әскери қызметшілер үшін де маңызды әрі ерекше оқиға болды.

Геннадий Головкиннің бокс қолғабы музей қорына тапсырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 11:35

Сурет: ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

Экспонаттың құндылығын арттыра түсетін тағы бір ерекшелік – оның бетінде Геннадий Головкиннің өз қолтаңбасы бар.

"Бұл жәдігер музей қорында сақталып, ұрпақтар сабақтастығының символына айналады. Сонымен қатар жас әскери қызметшілерді жаңа жетістіктерге жігерлендіретін ерекше мұра болады", – делінген Ұлттық ұланның хабарламасында.

Бұған дейін Дастан Сәтбаев жанкүйерлеріне үндеу жасағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!